Біз өндірістің әр кезеңінде мінсіз жұмыс жасап жетілуге тырысамыз.

Біздің тұтынушыларымыз – басты байлығымыз. Біз олардың денсаулығын өзімізге үлкен сеніммен тапсыратынын түсінеміз, сондықтан да біз осы сенімді ақтауға бар күшімізді саламыз. Біз сапа мен қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтаймыз. Әр өніміміз тек дәмді ғана емес, сондай-ақ пайдалы болуына да аса мән береміз. Өндіріс процесінің әр кезеңінде мінсіз болуға тырысамыз. Біз дәстүрді жоғары тұтып, уақыт өте келе тексерілген ұрпақтан ұрпаққа тарайтын рецептерді пайдаланамыз.

Сонымен қатар компания заманауи инновацияларды белсенді түрде енгізіп, уақытпен қатар дамуда.

Дәстүрлі әдістер мен жаңа технологиялардың үйлесімі бізге ең жақсы дәм мен жоғары сапаны біріктіретін өнімдер жасауға мүмкіндік береді.

Біздің қызметкерлер – біздің мақтанышымыз. Әрбір өндіріс кезеңінде, шикізаттан бастап дайын өнімді орауға дейін кәсіби мамандар командасы өздерінің шеберліктерін арттырады. Біз үнемі оқу мен тренингтер өткізіп, мамандарымыздың біліктілігін арттырамыз.

Кәсіпорын қауқарлығы

Кәсіпорнымыз заманауи жабдықтармен жабдықталған және өндірістік қуаттылыққа ие.
Бұл бізге өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге және тұтынушыларымыздың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Біз процестерімізді үнемі жетілдіруге тырысып, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін озық технологияларды қолданамыз.

Өндірістік цехтар

Біздің кәсіпорын бірнеше мамандандырылған цехтарды қамтиды, олардың әрқайсысы жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған:
Еттің бастапқы
өңдеу цехы
Мұнда шикізатты қабылдау, бөлшектеу және дайындау жүзеге асырылады. Жоғары дәлдік пен тиімділікті қамтамасыз ететін автоматтандырылған бөлшектеу жүйелері қолданылады.
Шұжық өнімдерін
өндіру цехы
Бұл цехта ет ұсақталып, қоспалармен араластырылып, қабықшаларға салынып пішінделіп, термиялық өңдеуден өтеді. Біз дәстүрліден бастап эксклюзивті рецепттерге дейін әртүрлі шұжықтарды өндіруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтарды қолданамыз.
Қақтау және
кептіру цехы
Қанық дәм мен хош иіс беретін шұжықтарды өндіру үшін заманауи қақтау және кептіру камералары пайдаланылады.
Қаптама
цехы
Бұл цехта дайын өнім соңғы өңдеуден, қаптамадан және таңбаланудан өтеді. Біз вакуумдық орау машиналары мен модификацияланған атмосфералық қаптама жүйелерін қолданамыз, бұл өнімдеріміздің балғындығын және дәмдік қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.

Өндірістік желілер

Біздің өндірістік желілеріміз үлкен көлемдегі өнімдерді өңдей алатындықтан, кез келген тапсырысты тиімді орындауға мүмкіндік береді:
Ұсақтау және араластыру желілері
Жоғары өнімді еттартқыштар мен араластырғыштар фарштың біркелкі консистенциясы мен ингредиенттердің біркелкі араласуын қамтамасыз етеді.
Пішіндеу және толтыру автоматты желілері
Әртүрлі диаметрдегі және ұзындықтағы шұжықтарды тез және дәл пішіндеуге мүмкіндік береді, бұл бізге өнімнің кең ассортиментін өндіруге жағдай жасайды.
Термиялық өңдеу камералары
Пісіруге, бұқтыруға және қақтауға арналған жоғары технологиялық камералар өнімнің біркелкі және бақылау астында дайындалуын қамтамасыз етеді.
Қаптама
линии
Заманауи қаптама машиналары өнімді тез және герметикалық түрде қаптап, оның балғындығын және қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз етеді.

Қойма қуаттылығы

Бізде шикізатты және дайын өнімді сақтауға арналған кең қойма орындары бар:

Тоңазытқыш қоймалар
Тоңазытқыш қоймалар заманауи салқындату және мұздату жүйелерімен жабдықталған, бұл сақтау шарттарын оңтайлы сақтауға және өнімнің бұзылуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Дайын өнім қоймалары
Дайын өнім қоймалары санитарлық нормалар мен ережелердің барлық талаптарын ескере отырып ұйымдастырылған, өнімнің сапасын тұтынушыға жеткенге дейін сақтауды қамтамасыз етеді.

Өндіру кезеңдері

Біздің шұжық цехында алдымен шикізат мұқият таңдалады. Мұнан бөлек, тек жоғары сапалы ет пен дәмдеуіштерді ұсынатын сенімді жеткізушілермен жұмыс істейміз. Шикізаттың әрбір партиясы қауіпсіздікті және біздің жоғары стандарттарымызға сәйкес келуі үшін қатаң сапа бақылауынан өтеді.
Келесі кезең – ет дайындау. Ет артық майлар мен сүйектерден тазартылады, содан кейін қажетті мөлшердегі кесектерге кесіледі. Рецептке сәйкес, еттің дәмі мен сақталуын жақсарту үшін маринадтау немесе алдын ала тұздау процесінен өтеді.
Дайындалған ет еттартқыштарда ұсақталып, дәмдеуіштер мен басқа ингредиенттер қосылып араласады. Заманауи машиналардың көмегімен ет біркелкі әрі фарштың біртекті консистенциясына қол жеткіземіз. Әрбір шұжықтың ерекше дәмін шығару үшін дәмдеуіштер мұқият әзірленген рецепттерге сай қосылады.
Дайындалған фаршты пішіндеу үшін арнайы шұжық автоматтары қолданылады. Табиғи немесе жасанды қабықшалардың көмегімен шұжықтың соңғы пішіні шығарылады. Осы кезеңде ерекше дәмдерді шығару үшін ірімшік, жаңғақ немесе көкөніс сияқты әртүрлі заттар қосылуы мүмкін.
Пішінделген шұжықтар термиялық өңдеуден өтеді, яғни пісіріледі, ысталады немесе бұқтырылады. Бұл процесс өнімге тән дәм мен хош иіс беріп қана қоймай, оны тұтыну кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Әрбір өнімінің партиясы сапа стандарттарына сәйкес келуі үшін температуралық режимдер мен өңдеу уақыты қатаң бақыланады.
Термиялық өңдеуден кейін шұжықтар қажетті температураға дейін салқындатылады. Содан кейін олар орауға жіберіледі. Біз өнімнің балғындығы мен дәмдік қасиеттерін ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік беретін вакуумдық орау және модификацияланған атмосфералық қаптамаға арналған заманауи жабдықты қолданамыз.
Өндірістің әрбір кезеңі сапаны қатаң бақылаумен жүргізіледі. Біздің мамандар өнімнің санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеріп, органолептикалық сынақтар мен зертханалық талдаулар жүргізеді. Тек содан кейін дайын шұжықтар қоймаға жіберіліп, сатылымға шығарылады.

Экологиялық жауапкершілік

Біз экологиялық жауапкершілікке ерекше мән береміз.

Өндіріс қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, сондай-ақ ресурстарды үнемді пайдалану жүйелерімен жабдықталған. Біз қоршаған ортаға кері әсер етуді азайтып, барлық экологиялық стандарттардың сақталуын қадағалаймыз.

Инновациялар және жетілдіру

Біз технологиялар мен рецепттер үнемі жетілдіріп

инновациялық шешімдер енгізіп, азық-түлік өнеркәсібіндегі соңғы тенденцияларды қадағалап отырамыз. Бұл бізге тұтынушыларымызға ең жоғары сападағы әрі ерекше дәмді өнімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

Өндіріс